Мектеп кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 6-7 сынып оқушылары оқу үшін ұсынылған қазақ тіліндегі көркем әдебиеттер тізімі таныстырылды.
Бұл жобаның мақсаты мен мәні: Оқушыларды жүйелі түрде кітап оқуға дағдыландыру. Әдебиетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Сөздік қорын, ойлау және талдау қабілетін дамыту. Ұлттық мәдениет пен құндылықтарды насихаттау.Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру.
Жобаның миссиясы - Қазақстанды әлемнің ең көп оқитын он елінің қатарына қосу. Кітаптар тізімі жобаға қатысу талаптары: Эксперттік комиссия бекіткен 15 кітапты оқу.