«Абайлаңыз балалар» акциясы аясында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу темекі, есірткі заттардың зияндығы туралы профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры - Карбеков Бауыржан Қанатұлы, Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жоғарғы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы, "Есірткісіз болашақ" кеңестің мүшесі Бахадыр Бекарыс Бекболатұлы 9-11 сынып оқушыларымен лекция жүргізіп, кездесу өткізді. Оқушыларға зиянды заттардың зардабы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, балалар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар өз дәрежесінде жауап берді.