2025 жылғы 31 қазан күні «Сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – сынып жетекшілердің тәрбие жұмысын жүйелі жоспарлау, оқушылармен және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату, заманауи тәсілдерді қолдану арқылы сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Іс-шара барысында сынып жетекшінің негізгі міндеттері мен жұмыс бағыттары талқыланып, тиімді тәжірибелер ортаға салынды.
Семинарды тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балнура Калаубаева және 1 «В» сынып жетекшісі Зарина Утешова өткізді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, пайдалы әдістемелік ұсыныстар алды.