"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында аясында оқушылардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын кеңейтуге, табиғатты аялауға, қамқор болуға үйрету, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу және эстетикалық сезімдерін қалыптастыру мақсатында 8 сынып оқушылары арасында "Күз ханзадасы мен ханшайымы" байқауы өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды.
Атап айтсақ:
1. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)
2. «Өнерің өрге жүзсін» (қатысушылардың өнері)
3. Күзгі қолөнер (түрлі материалдардан күзді бейнелейтін қол өнер туындыларын жасап әкелу)
4. Күзгі сән үлгісі (қатысушылардың күзгі киім үлгісі)
Байқау соңында әділқазылардың шешімімен 8 А сынып оқушылары Бизақ Арман, Жанайдар Перизат бас жүлдені иеленіп, "Күз ханзадасы мен ханшайымы" атанды. І орын иегерлері - 8 Ә сынып оқушылары Таңсықбай Нұрзат, Шалдарбек Айдана,
ІІ орынды - 8 Г сынып оқушылары Тоқтарбай Алижан, Досжан Кәусар, ІІІ орынды - 8 "Ғ" сынып оқушылары Тұрсынбай Нұран мен Сапарбек Айару иеленді.