«Тілдер тоғысқан мереке» онкүндігіне орай қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері мектеп АКТ залында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының темірқазығы» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Әдеби кештің мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін үлгі ете отырып, тілін құрметтеуге, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және рухани мұрасын насихаттау арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру.
Кеш барысында оқушылар Ұлт руханиятының шамшырағы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, оның тіл, әдебиет саласына сіңірген еңбектері жайлы ұлт зиялылары мен ғалымдардың білдірген пікірлерін жеткізуімен басталып, тіл туралы көркем сөздер оқылып, ұлы ақынның мысалдарына көрініс қоюымен жалғасын тапты. Сонымен қатар тілге қатысты әндер шырқалып, оқушылар Ұлт ұстазына арнаған өздерінің төл туындысын оқыды.