Қабылдау бөлмесі:
+7 771 564 3936

Шымкент қаласының білім басқармасының «№130 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы

Қазақстан Республикасы, г.Шымкент, Жилой массив НУРСАТ, 461/1

Шымкент қаласының білім басқармасының «№130 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы

ОҚУШЫЛАРМЕН ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА!

Шымкент ҚПД Қаратау АПБ КПБ жедел уәкілі – Д.Б. Калыбеков және мектеп инспекторы - М.О.Тәжібай «Абайлаңыз балалар» акциясы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу» және «Жол ережесін сақтайық!» тақырыбында 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
📍 Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
🔹 Кездесу барысында жолда жүру ережелері, үйдегі қауіпсіздік, интернет және әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдары туралы маңызды ақпараттармен бөлісілді.
🔹 Оқушылар қауіпсіздік ережелерімен танысып, нақты мысалдар арқылы білімдерін толықтырды.
🔹 Сұрақ-жауап форматында өткен диалогта оқушылар белсенділік танытты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Калаубаева полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті.